Четверг, 10 июля, 2025
Жаңалықтар

Психологиялық қызмет. 2 сынып оқушылары «Біздің өміріміздегі эмоциялардың рөлі» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Балалар эмоциялардың біздің өмірімізде қандай маңызды рөл атқаратынын, оларды қалай дұрыс түсіну және басқару керектігін талқылады. Сабақ барысында оқушылар қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу сияқты эмоцияларды танып, оларды өздеріне не үшін қажет екенін түсінді. Әр оқушы эмоцияларымен бөлісіп, оларды қалай басқаруға болатындығын үйренді. Эмоциялар – бұл біздің әлемімізді түсінуге көмектесетін күшті құрал екенін балалар жақсы түсінді.
Педагог-психолог: Салпина Ш.Е.